Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының мұқтаж отбасына көмектесу шарасы аясында Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде "Жылулық сыйла" атты акция өткізілді.
Онда 1тонна 700 келіден екі отбасыға қайырымдылық көмек жасалды. Осындай қамқорлыққа бөленген «Мелиоратор» саяжай учаскесі мен Дружба ауылында тұратын Наталья Гередт пен үш баланың анасы Сандуғаш Адаеваның өздеріне көмек көрсеткен жандарға деген алғысы шексіз.
«Жайлаубай ата» мешітінің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов пен наиб имам Ерлан Сыздықов және басқа да қызметкерлері қайырымдылық мақсатында бұдан бұрын да талай рет игілікті істер атқарып, халықтың құрметіне бөленген болатын.
Олар демеушілермен келісе отырып, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы аналардың осындай қиын кездерде жанынан табылып, өздерінің биік азаматтық қасиеттерімен көпке танылуда.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі