Жуырда Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында еңселі мешіт пен оның жанына салынған асхананың ашылу салтанаты болып өтті.
Онда облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Балахмет сөз сөйлеп, жергілікті ағайындардың қуанышына ортақ екендігін білдірді. Сондай-ақ, ауылдың құрметтісі Мейрам ақсақал және ауыл әкімі Жанай Алтынсарин жиналғандарды құттықтады.
Содан кейін облысқа танымал жыршы Абзал Алпысов терме орындап, жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Мешіт пен асхананың салынуына тікелей атсалысқан демеушілердің иығына шапан жабылып, Алғыс хаттар тапсырылды.
Мешіттің лентасын ел сыйлысы Кәмеш аға мен облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы қиды.
Мешітте намаз оқылып, әруақтарға құран бағышталды. Жиналғандарға дастарқан жайылып, «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы уағыз айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі