Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, «KБС құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Бауыржан Сәбитұлы Карамакин қазақ жігітіне тән азаматтықтың нағыз жарқын үлгісін көрсетті.
Ол қаладағы «Жайлаубай ата» мешітінің пандемия кезінде жылуға байланысты жинақталып қалған қарызын өтеуге көмек қолын созды. Осы мақсатқа 4,5 млн. теңге аударды.
- Іскер бауырымыздың бұл қадамы барша кәсіпкерлерге өнеге. Осындай жанашыр да жомарт қандастарымыз бар кезде халыққа адал қызмет ететін мешіттердің жұмыстары барынша жандана түсетіндігіне сенімдімін,- дейді өз сөзінде белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы.