Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысындағы бірқатар мешіттерге жаңа Бас және найб имамдар тағайындалды.
Мәселен, Руслан Маратұлы Жиенбаев Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітіне Бас имамдық қызметке кірісті. Ол осы уақытқа дейін Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітіне басшылық етті.
Ал, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Аңсаған Нұрлыбекұлы Абдрахман Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітіне Бас имам болып бекітілді.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған университеттің түлегі Әділет Ордабекұлы Қожан Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ», Ерлан Серікболатұлы Тілегенов Федоров аудандық «Жиентай қажы», Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінде ұстаздық қызмет атқарған Думан Сәндібекұлы Сағымбаев Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешіттеріне найб имам болып тағайындалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі