Республикалық ақпараттық -насихат тобының мүшесі Ұлан Шарипов қасиетті жұма күні Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарымен кездесті. Онда жастардың бойына патриоттық сезімді нығайту мақсатында отансүйгіштік және жауапкершілікті терең сіңіру жөнінде келелі әңгіме қозғады.
Сондай-ақ, ол Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жамағатпен жүздесу барысында «Ысырапшылдық - Алла сүймейтін іс» тақырыбында уағыз айтты. Оның терең мазмұнды ұлағатты сөздерін жиналған жұртшылық ұйып тыңдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі