Жуырда Б.Майлин аудандық «Әйет» мешітінде жергілікті беделді ақсақалдармен кездесу өткізілді. Онда алда тұрған келелі мәселелер әңгімеге арқау болды. Қыс айларына санаулы күндер қалғандықтан, соған дайындық жайы пысықталды.
Сондай-ақ, жиында аға буын өкілдері басқа да өзекті жайларды сөз етіп, мешіттің жұмысын барынша жандандыру қажеттігін тілге тиек етті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл ортақ іске күллі мұсылман бауырларымыз атсалысып, өздерінің лайықты үлестерін қосу керектігін баса айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі