Науырзым ауданы орталығында салауатты өмір салтын сақтау, имандылықты ұстануға үйрету мақсатында «Жастар жылы» құметіне орай ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті.
Шараны «Түркебай» мешіті және «Науырзым ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыруымен өткен жарысқа жеке кәсіпкер Алдажұманова Айнагүл демеушілік жасады.
Жарыстың бастамасын «Науырзым ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Жабағин Ерболат Төлендіұлы және «Түркебай» мешітінің найб имамы Кенжеғалы Әлфараби Ерболұлы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Науырзым ауданы әкімдігінің құрама командасы, Жамбыл орта мектебінің мұғалімдер командасы, Жамбыл орта мектебінің оқушылар командасы, Өрт сөндіру бөлімінің командасы, Ауылшаруашылық колледжі командасы, Раздольное ауылының команда қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша 1 орынды Жамбыл орта мектебінің мұғалімдері еншіледі, ал 2 орынды Науырзым ауданы әкімдігінің құрамасы, 3 орын Раздольное ауылының командасы қанжығасына байлады. Жеңімпаздар мақтау грамоталары мен қаржылай сыйлық ұсынылды.