Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» жауапты өкілі Әлішер Ертайұлы қаламыздағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ветеринария және мал шарауашылығы технологиясы факультетінде студент жастармен кездесу өткізді.
Осы кездесуде қазіргі таңда жастар арасында «махаббат күні немесе валентин» аталып жүрген мерекенің халқымыздың салт-дәстүріне жат екенін айтты. Сонымен бірге бұл дініміз Исламда да құпталмайтынын айтып өтті.
Студент жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарын тыңдап, тұшымды жауап берді.
Жастар жүздесудің соңында мұндай тағылымы мол жиындар алдағы уақытта да жалғасып тұрса деген ұсыныс пікірлерін білдірді.