Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде Рамазан айында атқарылған игі істер шеңберінде "Айт қоржыны" атты акция ұйымдастырылды.
Сонымен қатар мешіттің Бас имамы Нұрбол қажы Балахметов бастаған жамағат Ораза айт қарсаңында Әулиекөлдегі ақжаулықты аналармен жүздесіп, олармен айтулы мереке жайлы тілдесті. Сый-сияпат жасады.
Өмір өткелдерінен өткен әжелер өздеріне ілтипат танытқаны үшін жанашыр азаматтарға шын жүректен шыққан шынайы алғысын білдірді. Олардың жүздерінен қуаныш пен ризашылықтың нышаны айқын сезілді. Ақ баталарын беріп, құрметпен шығарып салды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі