Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қайырымдылық шарасын ұйымдастыру жөніндегі үндеуі аясында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.
Төтенше жағдай кезінде көпшілік орындарда бұрынғыдай ауызашар берілмеуіне байланысты сауапты істер жүзеге асырылуда. Мешітте осы күнге дейін есепшотқа түскен қаражаттан көмекке мұқтаж 30 отбаына арнайы азық-түлік қоржыны таратылды. «Рамазан шуағы» қайырымдылық акциясы бұдан әрі жалғасын табуда.
Аудандық мешіттің Бас имамы Нұрлан қажы Сейілханұлы осы қызметке тағайындалғалы бергі атқарған жұмыстарына жергілікті халық дән риза.