Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы демеушілер мен жамағаттың қолдауымен "Мектепке жол" акциясын ұйымдастырды. Онда бастауыш және жоғары сыныптарда оқитын 50 балаға 500 мың теңгені құрайтын сөмке және оқуға қажетті құралдар табыс етілді.
Осынау сауапты іске атсалысқан барша жанашыр жандарға Алла Тағаланың нұры жауа берсін.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі