Денисов аудандық мешітінің бас имамы Руслан Маратұлы аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып, ішкі істер бөлімінде маңызды кездесу өткізді.
Бұл кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Даргүл Батырханқызы және ішкі істер бөлімінің қызмеркелері қатысты. Ішкі саясат бөлімінің басшысы терроризм және экстремизмнің алдын алу жайлы әңгіме өрбітті.
Бас имам Руслан Маратұлы терроризм және экстремизм ислам дініне жат екендігін айта келіп, жат пиғылды деструктивті діни ағымдар жайлы баяндама жасады.
Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері елімізде тұрақтылықты сақтау үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта да ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып,осындай тағылымды семинарлар өткізе бермек.