Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқып жатқан шәкірттерге құрмет көрсетті.
Олар мұнда қысқы демалысқа келген болатын. Аз уақыт ішінде мешіт жұмысына белсене араласып, терең білім алғандарын дәріс беру барысында дәлелдеді.
Бас имам болашақ дін қызметкерлеріне арнайы дастарқан жайып, қаржылай көмек жасады. Ол өз сөзінде кадр мәселесі тапшы, жоғары оқу орнын аяқтаған соң туған жерге келіп, абыройлы қызмет атқару азаматтық басты міндет екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ, өздерін жақсы қырларымен танытқан шәкірттерге батасын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі