Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
26 09.22

Сарыкөл жұртшылығымен

Жақында Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінің Бас имамы Асылхан Түсіпбек жергілікті кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Ондағы басқосуда «Ислам - ынтымақ және бірлік діні» тақырыбы арқау болып, терең мағыналы уағыз айтылды.

Жүздесу барысында кітаптың адам өмірінде ерекше орын алатындығы сөз болып, руханият саласының қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген сауалдарға нақты жауап алды.

 Сондай-ақ, осындай жылы жүзді кездесу аудан орталығындағы жамағаттармен де өткізілді. Мұнда қоғамның бір бөлшегі болып табылатын отбасының мән-маңызы, татулық, ауызбірлік, ырыс-береке, ата-анаға құрмет көрсету, бала тәрбиесі жайлы әңгіме өрбіді. 

Жиынға қатысушылар қозғалып отырған өзекті мәселе жөнінде өз ойларын ортаға салып, Бас имамға шынайы алғыстарын жеткізді. Қос жүздесу де тиісті деңгейде ұйымдастырылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Ұзынкөл: Ислам – Ынтымақ
келесі жаңалық
Қостанай: Дін қызметкерлеріне аттестация басталды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником