ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінде имамдар, дін қызметкерлері мен ұстаздарына «ҚМДБ қабылдаған Концептуалды құжаттары» бойынша сынақ алу басталды.
Бұл сынақ алу екі кезеңнен тұрады. Бірінші тестілеу кезеңінде дін қызметкерлері «Ақида», «Фикһ», «Ислам тарихы», «Әкімшілік жүйе (заң)» бойынша сұрақтарға жауап берулері керек.
Онан соң екінші кезеңде ауызша сұрақ қойылатын болады. Онда «Қырағат», «Тәжуид», «Хадис», «Дін мен дәстүр» және «Концептуалды құжаттар». Атап айтқанда 1. «Қазақстан мұсылмандары тұғырнамасы», 2. «Имамның тұлғалық келбеті», 3. «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», 4.«ҚМДБ қызметкерінің этикасы», 5.«Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы, 6.«Діни лауазымдар тізілімі», 7. «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», 8.«Ас беру мәдениеті», 9. «Зират және зиярат мәдениеті», 10.«Зияткер имам тұжырымдамасы».
Осы сынақ бойынша Қостанайға арнайы жұмыс тобы келді. Онда ҚМДБ-ның Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі және Кадр бөлімінің көмекшісі Жанақов Берікбол келген болатын.
Қостанай облысының баспасөз қызметі