Тобыл қалалық Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы Қостанай ауданына қарасты елді-мекендерге ат басын бұрып, жергілікті намазханалардың тыныс тіршілігімен танысты.
Ол өз сапарын қалаға іргелес орналасқан Жамбыл және Алтын дала ауылдарының жұртшылығымен кездесуден бастады. Бұл сапарда жамағатқа Ислам дінінің құндылықтары жайлы уағыз-насихат айтты.
Жауапты қызметіне құлшыныспен кіріскен білімді де білікті имамның жүректен шыққан ойлы пікірлері мен жылы лебіздерін аталған елді-мекендердегі мұсылман бауырлар тыңдай келе көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі