Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Рудный қалалық Нұр» мешітінің ұжымы бірқатар есте қаларлық шаралар ұйымдастырды.
Ерекше тоқтала кетер жай, имандылық ордасы үстіміздегі жылдың маусым айынан жазғы сауат ашу курсыныңжұмысын бастады. Мұнда дәріс алуға алпысқа жуық бүлдіршін ниет білдірді.
Ер балалар мен қыз балалар екі топқа бөлінді. Олар мешіт ғимараты және ұстаздарымен жете танысты. Дәрістен соң мешіт ауласында арнайы шақырылған аниматорлар балалардың көңілін көтеретін түрлі ойындар өткізді.
Мерекенің құрметіне шәкірттерге тәттілер мен балмұздақтар таратылды. Сол сәтте бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жайнап, шексіз қуанышқа бөленді. Осындай игі істерге ата-аналар да риза болып, алғыстарын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі