Еліміздің барлық қалаларында жыл сайын сенбілік күні ұйымдастырылатыны белгілі. Барлық мемлекеттік қызметкерлер, оқу орындар дерлік атсалысып, қаланы тазалайды. Қаланың таза болуы – қала тұрғындарының денсаулығына пайдалы екендігін білеміз. Міне сондай ұранмен Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері мен тұрақты жамағаты, біріге отырып мешіт ауласын тазалады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Тазалық – иманның жартысы» - деп, өсиет еткен. Атап айтқанда, ағаш отырғызу мен құдық қазу дiни тағылымдарда құпталып, мұсылмандарды осы iстерге көңіл бөлуге шақырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ағаш отырғызу маңызды іс екенін айтып былай дейдi: «Кiмде-кiмнiң қолында бiр ағаштың көшетi (тал шыбығы) болса, қиямет қайым басталып кеткенше қолындағы көшеттi егуге үлгiретiн шама болса, соны дереу отырғызып үлгерсiн»,-дейдi (Бухари риуаяты).
Бұл жерден ағаш егудiң өте маңызды екенiне көз жеткiземiз. «Ардақты пайғамбарымыз үш нәрсе көздiң нұрлануына себеп болады деп: «Жасыл желекке қарауды, ағып жатқан суға және жарқын жүздi адамның бетiне қарауды» айтқан. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мұндай қоршаған ортаны, таза ұстауға қатысты хадистері көптеп кездеседі. Ислам діні табиғатты ластанудан сақтауға, үнемі тазалыққа үндейтін бірегей бірден-бір дін екенін білдіреді.