Үстіміздегі жылдың 21-ші қазан күні «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Философия, саясаттану және дінтану институты» бірлесе отырып «Қазақстандағы «Дін дүрбелеңі»: кеңестік биліктің дінге қарсы репрессиялық шаралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілуі жоспарланған.
Осы маңызды конференция қарсаңында Қостанай облыстық мешітінде арнайы жиын болып өтті. Оған алқа мүшелері мен дін қайраткерлері қатысты.
Басқосуды мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам жүргізіп, кездесудің мәні мен маңызына тоқталды. Жұртшылық алдында белгілі қаламгер, ғалым «Қостснай облысында діни қуғын-сүргінге ұшыраған діни қайраткерлер» тақырыбында тағылымды дүниелерімен көпке танылған Ақылбек Шаяхмет баяндама жасады.
Жалпы, қазақ халқының басына қара бұлт болып үйірілген қуғын-сүргін яғни нәубет жылдары қаншама адам жазықсыз зардап шеккені белгілі. Ол жөнінде тарихтан белгілі. Біздің өңірде де қуғынға ұшырап оның 1061-і ақталған.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі