ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫның ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛДІГІ, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан іріктеу сайысын өткізді.
Жарыс басталмас бұрын Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы Құранның қадір қасиеті мен оны жаттаған пенденің ақыреттегі дәрежесі жайлы тағылымы мол сөз сөйледі. Барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Іріктеу байқауына өңірдегі аудандар мен қалалардан қырық талапкерлер қатысып, бақтарын сынады. Олар 30, 20, 10 парадан және мәнерлеп оқудан білімдерін көрсетті.
Әділқазылық еткен Мұртаза Балахмет, Әкімбек Асанов, Сұңғат Қызылбайлардың шешімі бойынша құранды жатқа оқудан жүлделі орындарға 30-шы парадан 1-ші орын Сұлтан Жасұланұлы иеленсе 2-ші орынды Ералы Алматұлы, 3-ші орынды Рустам Аманұлы қанағат тұтты. Құранның 20-шы парасынан 1-ші болып, Мұхиддин Имамуддинұлы, 2-ші Заманбек Бейсенбайұлы орынға ие болды. 10-шы парадан 1-ші орынға Айдын Талғатұлы, 2-ші Қасым Бекзатұлы алған болса 3-ші орынды Абдурахман Русланұлы жеңіп алды. Мәнерлеп оқудан Иманғали Сембіұлы бірінші орынды алған болса Жандос Қайырбекұлы мен Мұстафа Науанұлы әсем оқумен көзге түсті. Жүлдегерлерге арнайы сертификат және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
Аталмыш сайыста жеңімпаз атанған шәкірттер алдағы уақытта Талдықорған қаласында өтетін XIV республикалық құран байқауында Қостанай облысының намысын қорғайтын болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі