Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
29 03.22

Рамазанға дайындық

Қостанай облыстық мешітінде Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлының төрағалық етуімен Рамазан айына арналған жиын болып өтті. Оған өңірдегі қалалар мен аудандардың бас имамдары қатысты.

Бұл басқосуда негізінен алда тұрған қасиетті ораза айын жоғары деңгейде өткізу, жер-жердегі мұсылман бауырларымызға оның маңызы мен мәнін түсіндіру, ораза кезінде ауызашардың талаптарға сай болуы жан-жақты айтылды.

Бас имам осы жайларға тоқтала келіп, биыл пітір садақаның көлемі әр адамға шаққанда 500 теңге болып бекітілгенін тілге тиек етті. Ол баға республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасы негізінде алынды. Осы қасиетті айда діни қызметкерлер халыққа осы айды ішкіліксіз өткізуді үндеуді және мейлінше қайрымдылық шараларын көптеп атқаруға шақырды.

Жиын соңында өткен 2021 жылы пандемия кезінде ел боп атсалысқан шараларды ұйымдастыру-өткізу бойынша облыстық мешіттің найб имамы Икрам Бақытжанға Президентіміз Қ. Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдық» медальімен марапатталды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Дінім-діңгегім, дәстүрім-тірегім
келесі жаңалық
«Әмит ишан» мешітіндегі жиын

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником