Қостанай ауданына қарасты Озерный ауылында жергілікті халық көптен күткен "Алима" намазханасының ашылу салтанаты болып өтті.
Бұл елді-мекендегі имандылық ордасының пайдалануға берілуіне белсене атсалысқан барлық демеушілер мен тұрғындар қатысты.
Мешіттің лентасын Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев пен «Карл Маркс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Иван Матвеевич қиды.
Қалыптасқан дәстүр бойынша демеушілерге Алғыс хаттар тапсырылып, иықтарына шапан жабылды.
Ашылу салтанатынан кейін алғашқы жұма намазында Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы "Жақсы сөз- жарым ырыс" тақырыбында уағыз айтты. Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан қажы Манарбекұлы жұма намазын оқыды.
Аталмыш қуанышта бас қосқан жұртшылыққа ауылдағы дәмханада дастарқан жайылып, ас берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі