Ата-бабамыздан келе жатқан мұрамызды жаңғырту мақсатында ұлттық дәстүрлі садақ ату клубы ашылып, оған куә болған жерлестеріміз ерекше қуанышқа бөленді. Бұған қазақтың аяулы қызы Науырзым ауданының тумасы, садақ атудан республикамызда чемпионы Аяулым Аппазова жетекшілік етеді.
Намысты да жігерлі бауырымыздың ендігі көздеген мақсаты-алдағы уақытта ұлттық спортымыздың осы түрін өңірімізде жаңғырту. Сол мақсатта Қостанай аймағындағы кәсіпкерлер палатасының көмегіне сүйенген. Кәсіпкерлер оның бастамасына қолдау білдірді.
Жоғарда аталған клубтың салтанатты ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қатысып, Аяулым Аппазоваға шынайы алғысын білдіріп, батасын берді.
Сонымен қатар өңірдегі «Олжа-Агро» серіктестігі де ұлттық спорт ойындарына қолдау білдіретін болды. Енді осы клубта Қостанайдың жас жеткіншектері, талапты ерлер мен әйелдерге садақ ату үйретілмек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі