Еліміздегі қауіпті індетпен күресу әліде жалғасуда. Міне Қостанай облысының кәсіпкерлері және облысымыздың дін қайраткерлері белсенділік көрсетіп, өздерінің азаматтық борыштарына адалдық танытып келеді.
Өңірімізге танымал «Олжа Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен қала, аудан бас имамдар қауымы ұйытқы болып, 30 тыныс алатын оттегі аппаратын сатып алды.
Сөйтіп, олар өзге қандастарымызға жанашырлық танытып, «Бірлік бар жерде тірлік бар» екендігін іс жүзінде дәлелдеп, күллі жұртшылыққа өнеге көрсетті.
-Осындай қиын кезде халықтың жанынан табылу, оларға қолдан келгенше көмек көрсету саналы кісіге басты міндет болып табылады. Қазір облыс бойынша барлығы 75 оттегі аппараты сатып алынды. Осыған дейін 45 данасы берілген болатын. Енді міне тағы да 30 аппарат өңірдегі қала аудандарға жеткізілетін болады, -деді облыстың Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өз сөзінде.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі