Өткен наурыз мерекесі күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі ойдағыдай аталып өтілді.
Мейрамның көркі қашанда жайылған мол дастархан емес пе. Ал оның ішінде дәмі тіл үйіретін «Наурыз көженің» жөні бөлек. Ол жұма намазға және алдын ала берілген хабарландыруды естіп келген қала тұрғындарының бәріне таратылды.
Сонымен қатар мешіт ауласында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Оған қала тұрғындары мен қонақтары да қатысты. Мәселен, гір тасын көтеру, қол күресі, қой көтеру, арқан тарту секілді қара күшті қажет ететін жарыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осы күні «Әйелдер-қыздар» секторы да қайрымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Мұнда сатылымға қойылған заттардан жиналған қаражат қайрымдылыққа арналды.
Осылайша аталмыш мереке облыс орталығында жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткеніміз жөн. Демеушілерге Алланың нұры жауа берсін!