Қостанай облыстық мешіті жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының қызметкерлері өткен шуақты мамыр айында өз жұмыстарын барынша ширата түсті.
Мысалы, аталған кезеңде өңірде 45 іс-шара өткізіліп, көмекке мұқтаж 763 отбасы қамтылды. Осы қайырымдылық мақсатқа 4 млн 154 320 теңге жұмсалды. Демеушілер мүмкіндіктері келгенше қолдауға тырысты.
Бізге осы мәліметтерді берген наиб имам әрі жоғарыда аталған қор жетекшісі Бақытжан қажы Икрам алдағы жаз айларында да өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарап, халықтың алғысына бөлене бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі