Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет кезекті іс-сапармен Науырзым ауданына барды. Ол алдымен аталмыш ауданның әкімі Қайрат Әбішевпен жүздесті. Онымен бірге жергілікті «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейітқалиұлы да болды.
Бас имам аудан басшысымен кездесуде елдегі діни ахуал жайлы айта келіп, мешіттегі асхана құрылысы туралы ойын ортаға салды. Әкімді жауапты қызметімен құттықтап, аса құнды «Ихсан» кітабын тарту етті.
Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапары барысында мешіттегі ақсақалдармен де кездесті. Осы өткен жиында мұсылмандар үшін аса маңызды жаназа және діни рәсімдер, шариғат талаптары мен басқа да өзекті мәселелер барысында әңгімеледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі