Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облыстық мешітінде қалалар мен аудандардың бас имамдарына арналған семинар өтті.
Оның барысында Құран, Ақида және де Фикһ ілімдері бойынша дәрістер ұйымдастырылды. Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы және наиб имамдар Дархан Сыздықов пен Тимур Туребаев алдағы уақыттағы болатын имамдар аттестациясына даярлық жайын пысықтады. Ал Қанат Орынтайұлы құжаттар мен қызметтік тапсырмалар бойынша және заң саласындағы кейбір жайттар бойынша кеңес берді.
Сонымен қатар алған діни білімдерін күнделікті қызмет барысында ұтымды пайдалану, жұртшылыққа дұрыс жеткізу, түсіндіру, насихаттау хақында өз ойларын ортаға салды.
Мұндай семинарлар алдағы уақытта да өткізіліп, өңірдегі имамдардың діни сауаттарын тиісті деңгейге көтеруге игі ықпалын тигізе беретіндігі даусыз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі