Сауд Арабиясының 17 жастағы тұрғыны қайырымдылық қаржысы есебінен жүзеге асырылатын жобаға – мешіт құрылысына және бас бостандығынан айырылған, алайда, оны төлемақымен алмастыруға жағдайы жоқ тұтқындардың мұқтаждығына, т.б. қайырымдылық шараларына өз қалтасынан 50 млн реалды (13,3 млн долларды) садақа етті.
Орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүрген қыз бұл қомақты қаражатты қайдан алды дейсіз ғой? Әкесінің өзіне мұра етіп қалдырған қаржысынан. Әрі бұл сома әкесінің өзіне бөліп берген еншісінің үштін бірін құрайтынын да айта кету керек.
Десе де, бәзбіреулер секілді есімін жарияға жар сап, өзін жарнамалау мақсатында емес, Алла Тағаланың разылығына бөлену үшін осындай қадамға барған көрінеді. Өйткені, ол аты-жөнін тілшілерге айтудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Сөйтсек, әкесінен тек ен дәулетті ғана мұраға алып қана қоймапты. Оның, ең бастысы, асқар таудай әкесінің тәлімін де көрген көргенді де көшелі қыз болып шыққанын айтсаңшы бәрінен бұрын. Өзі де қайырымдылық істерге атсалысып жүретін әкесі бойжеткен қызының бұл мәрттігін құптап, ақ батасын берген көрінеді.
http://muslim.kz/