Бүгін Алматы облысы Талғар ауданында «Нұр Мүбарак» университетінің оқуға дайындық курсы ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, болашақ имамдар ілім алатын оқу ордасын аралады.
«Университет жанынан дайындық курсын ашу – білім саласында бар тәжірибе. «Нұр Мүбарак» университеті жанынан ашылған дайындық курсы осы оқу ордасында діни білім алуға ниет білдіргендердің біліктілігін арттыруға зор үлес қосады деген сенімдемін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти осынау іске себепші болған азаматтарға алғысын білдіріп, демеушілерге Алланың сөзі – Құран Кәрімді сыйға тартты.
Сәні мен салтанаты жарасқан ғимарат 120 шәкіртке лайықтап салынған. Дәрісханасы, кітапханасы, жатақханасы бар. Арнайы намаз оқитын бөлмеcі де бар.
www.muftyat.kz