Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
26 12.17

Қостанайдағы Мәуліт мерекесі

Тәуелсіздіктің арқасында Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың туған күні, яғни Мәуліт мерекесін атап өту қазақ елінде дәстүрге айналды. Соның бір жарқын айғағы ретінде Қостанай өңірінде де ол үстіміздегі жылы ойдағыдай ұйымдастырылды.

img01

Осынау ұлы мейрам Қостанай шаһарында соңғы жылдары пайдалануға беріліп, көпшіліктің игілігіне айналған «Мирас» мәдениет үйінде өтті. Ерте хабарланғандықтан, оған үлкенді-кішілі қауым дер кезінде жиналды.

Бұл рухани Мәуліт кеші «Адамзаттың абзалы» деп аталды. Басқосуды осы аймаққа кеңінен танымал қазақтың дарынды жігіттері жүргізіп, барша жұртшылықтың көңілінен шықты.

img01

Олар алдымен облыстың аудандары мен қалаларынан басқосқан мұсылман ағайындарға Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Содан кейін жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Мәуліт шариф қасидасы оқылды. Оған аудандар мен қалалардың имамдары атсалысты.

Осы арада облыстық мешіттің наиб имамы Дархан Сыздық пен Марал ишан деп аталған қасиетті орынды ұзақ жылдар бойы басқарған дін қайраткері Ертай қажы Балахметтің қос ұлы Әлішер мен Мұртаза да тың ізденістерімен көпшілікті дән риза еткенін айтып өткеніміз абзал.

img01

Аталған басқосуда қалалық мешіттің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов әлгі Мәуліт шарифтен кейін батасын беріп, өзінің пайым-парасатымен ағайындарға үлкен ой салды.

Бұл күндері Айбек Қалиевті кім білмейді. Ол айтыс өнерінің мақтанышына айналған бауырымыз. Ол биыл да осы рухани кештің ажарын аша түсіп, мейрамға байланысты ой-толғаныстарын жыр жолдарымен жеткізді. Суырыпсалма өнерімен жерлестерінің жүректерін тебірентті.

img01

Ұлы Мұхаммед Пайғамбарымыздың мәнді де мағыналы өміріне шолу жасап, жиналған қауымның алғысына бөленді.

Мінбеге көтерілген облыс әкімдігі дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов барша жерлестерімізді ұлы мерекемен шын жүректен құттықтады. Қазіргі таңда өңірдегі ислам дінін насихаттау мақсатында атқарылып жатқан игі істерге де тоқталып өтті.

img01

Өткен жылы Лисаков қаласында жаңадан пайдалануға берілген мешіт жайлы тілге тиек етті. Жалпы, облысқа Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет өкіл имам болып тағайындалғалы бері тындырылған жұмыстар барша әріптестеріне үлгі болып отырғандығын өзгелерге өнеге етті.

Сондай-ақ аталған кешке көршілес жатқан облыстардан да құрметті қонақтар шақырылды. Солардың бірі – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкіл имамы Қуаныш Жұмабайұлы.

img01

Дін саласында терең білім алған азамат күллі қостанайлық ағайындарға ізгі тілегін білдіре келе, өткен тәуелсіздік алған 26 жылда асыл дініміздің өркендеп, халықтың имандылыққа бет бұруындағы ізгі жетістіктері жайлы әңгімеледі.

Сонымен қатар Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының дарынды әртістері «Айна ғұмыр» деп аталатын спектакльден үзінді қойды. Онда есімдері ел аузында жүрген өнер майталмандары Мейрам Жапаров, Ақдәмен Досанова, Зәмзәгүл Балтабаева, Айбол Шәкіржанов, Әлімхан Мырзахан және басқа да актерлер тапсырылған образдарды ойдағыдай сомдады.

img01

Мұндай басқосулар ән-күйсіз өтпейтіндігі белгілі. Сонау Арқалық қаласынан арнайы келген мектеп оқушысы Дінмұхаммед Бектұрсынұлы және рудныйлық талантты қыздар әуелете ән шырқап, көпшілікке жоғары көңіл-күй сыйлады.

Содан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы сахнаға көтеріліп, қысқы ауа райының қолайсыздығына қарамастан жан-жақтан жиналған ағайындарға шынайы алғысын білдірді.

Мешіттің жұмысын тұрақты түрде көрсетіп келе жатқан өңірдегі «Қазақстан-Қостанай», «Алау» секілді телеарналардың ұжымына ризашылығын айта келіп, биылғы Мәуліттің тиісті деңгейде ұйымдастырылуына септігін тигізген барша азаматтарға алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт, жауапты қызметтерінде табыс тіледі.

img01

Арқалық және Көкшетау секілді шаһарлардан келіп, өздерінің ұлағатты сөздерімен көпшілікке ой салған Айбек Қалиұлы мен айтыс ақыны Тоба бауырымызға сый-сыяпат жасады.

Ал Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Жұмабайұлына ежелден келе жатқан ұлттық салт-дәстүріміз бойынша иығына шапан жапты. Өңірдегі бірқатар аудандар мен қалалардың имамдарына белсенді қызметтері үшін Алғыс хаттарды табыс етті.

Өкіл имам Бахытбек Тәжімбет басқаратынмешіт ұжымы қайырымдылық мақсатында да қаншама жұмыстар атқарып келе жатқандығы жерлестерімізге аян. Ол осы жолы даоблыстық балалар үйіндегі 11 балаға мектептегі оқу барысында қолданылатын сөмкелерді көпшілік алдында тапсырды.

Мәуліт мерекесі қарсаңында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына бесік арбаларды да тапсырып, оларға да жүрекжарды лебізін жеткізді. Осындай игі мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретіндігін айтты.

Қостанайлық ағайындар жұртшылықтың жүрегіне имандылық нұрын сеуіп жүрген бас имам Бахытбек Нұрғабылұлының ақындық және әншілік өнеріне де көздері анық жетті.

Өйткені Қазақстанға белгілі дін қайраткері Арқалықтан келген әрі болашағынан үміт күттіретін Дінмұхаммед баламызбен бірге қосылып ән шырқады. Сөйтіп, ол сегіз қырлы, бір сырлы азамат екендігін тағы бір мәрте дәлелдеп, өңірдегі күллі әріптестеріне өнеге көрсетті. Имам тек дін саласын насихаттаушы ғана емес, рухани жан дүниесі бай маман болу керектігін паш етті.

Бұл рухани кештен мол тағылым алған Сайлаубай қажы Молдаш өзінің ризашылығын білдіре келіп, мұндай басқосулардың әрқашан да өскелең ұрпаққа ғибрат екендігін елдегі беделді басылым арқылы көпшілікке жеткізуімізді өтінді.

Танымдық жағы мол басқосудан кейін облыс орталығындағы «Ақ шаңырақ» мейрамханасында Мәуліт мерекесінің құрметіне дастарқан жайылып, ас берілді.

Оразалы Жақсанов

алдыңғы жаңалық
Тағылымы мол шара
келесі жаңалық
ҚМДБ-ның мектептегі киім үлгісіне қатысты ұстанымы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником