Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
26 11.15

Студент жастармен жүздесті

Қостанай облыстық Марал ишан мешіті өкілдігінің ұйымдастыруымен және Дін істер басқармасының бас маманы Сапарғали Әбдиевтің қатысуымен облыс орталығындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтутында студент жастармен кездесу өтті.

Бұл басқосуда облыстық Марал ишан мешітінің найб имамы Икрам Бақытжан жастарға ҚМДБ-ның Тұғырнамасын жан-жақты түсіндірді. Оның маңыздылығын, әрі аса құнды екендігі айтылды.

Кездесу барысында ол қазіргі таңда жастар арасындағы өзекті болып тұрған мәселелерді көтеріп, олармен күресудің бірден-бір жолы имандылық және дін мен дәстүрді берік ұстану екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, ол жүздесуде жоғарыда аталған Тұғырнаманың жігіттер мен қыздарға беретін ғибратты тәрбиелік мәніне тоқталды. Уақыт талабына сай терең білім алып, туған елі мен Отанына құрметпен қараулары қажет екендігін сөз етті.

Сонымен қатар түрлі теріс ағымдардан бойларын аулақ ұстап, мемлекетіміздегі этносаралық және конфессияаралық тұрақтылықты сақтауға өздерінің лайықты үлестерін қосулары керектігі жайлы да әңгімеледі.

алдыңғы жаңалық
Медреселеріміз колледж деңгейіне көтерілді – Ержан қажы Малғажыұлы
келесі жаңалық
Студенттермен кездесу

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником