Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еліміздегі имамдардың алдына қойған міндеттерінің бірі халықтың діни сауаттарын көтеру, ұлық дініміз Исламды насихаттау, теріс ағымдарға терең білім арқылы тосқауыл қою екендігі белгілі.
Біздің Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы жыл бойы діни білім алуда өздерін жан-жақты көрсеткен шәкірттерімізді ынталандыруға да жеткілікті көңіл бөліп келеміз.
Осы сөзіміздің жарқын дәлелі ретінде киелі орында жақсы қырларымен танылған Бауыржан Ибраев және Нұркен Шаханов Ел ордамыз Астанаға қысқа мерзімді саяхатқа жібердік. Бұл қамқорлық оларды қаттандырғандығы даусыз.
Олар осы сапарларында Астана шаһарындағы еліміздегі ең көрнекті «Әзірет Сұлтан» мешіті мен «Астана медресесінде» болып көп жайды көзбен көріп, көңілге түйді.
Қазіргі таңда аталмыш мешітте жазғы сауат ашу курсы барынша жанданды. Онда 30 бала діни тәлім-тәрбие алуда.Шәкірттерге курс барында күніне үш мезгіл тамақ беріледі.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорт ойындары ұйымдастырылады.