Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
24 08.15

Мектепке жол қайрымдылық акциясы

ҚМДБ-на қарасты барлық мешіттерде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша қайырымдылық шаралары жүргізіліп келеді. Қостанай облыстық «Марал ишан» мешіті мен Қостанай облысы бойынша «Зекет» қоры өкілдігінің ұйытқы болуымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Қостанай облысының әкімшілігінде есепте тұрған жетім балалар мен жағдайы төмен көп-балалы отбасылардан шыққан 5 – 16 жас аралығындағы 50-ге жуық бүлдіршіндерге мектепке қажетті (сөмке, дәптер, қаламсап және т.б.) заттар таратылды.

Қайырымдылық акцияға ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Асылхан қажы Мұханбетжанұлы, және Қостанай облысы бойынша «Зекет» қорының өкілі Ғайсин Жақсылық қатысып, шараның өтуіне себеп болып жатқан жандарға алғыс білдіріп, еліміздің ертеңі болған балаларға оқуда озат болуға шақырды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Нью-Иоркте шіркеуді Исаның мешітіне айналдырды.
келесі жаңалық
Арқалықтағы ауқымды қайырымдылық ақциясы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником