Жуырда облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Дархан Манарбекұлы, Қостанай қаласының православ шіркеуінің өкілі Веталий Клеба және облыстық Дін істері жөніндегі басқарманың бөлім меңгерушісі Сапарғали Абдиев А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде болды.
Онда олар студенттермен рухани келісім күнінің маңыздылығы, қоғамға берер пайдасы, Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы атты құжатта көрсетілген діни басқарманың негізгі ұстанымы және теріс діни ағымдардан сақтану жөнінде әңгіме өткізді. Кездесу студенттерге үлкен әсер қалдырды
Сондай-ақ сол күні облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамы Дархан Манарбекұлы А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттерімен болған басқосуда «Ислам діні- ынтымақ діні» тақырыбында уағыз айтып, олардың дүниетанымдарын кеңейтуге ықпал етті. Мұндай жылы жүзді жүздесулер алдағы кездері де жалғасын таппақ.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі