Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасын қабылдаған. Онда діни білім беру жүйесін қалыптастыру және дамытудың мақсаттары мен міндеттері, стратегиялық бағыттары айқындалған.
Осы негізінде Қостанай облыстық «Марал ишан» орталық мешітінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі қалалар мен аудандардың бас имамдарына арналған үш күндік оқу-ағарту семинары өз жұмысын бастады.
Семинарда негізінен Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, діни қызметкерлердің этикасы, мұсылманның тұлғалық бейнесі, имамның тұлғалық келбеті және 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы пән ретінде оқытылады.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі