Жақында Тобыл кенті «Ажар» мешітінің бас имамы Игілік Дильдабековтың ұйымдастыруымен Тобыл кентінде Мәуліт мерекесінің құрметіне жастар арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған жеті команда қатысты.
Бұл игі шараға Облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамдары Дархан Сыздықов пен Асқар Қуатбеков Қостанайдан арнайы келді.
Жарыс басталмас бұрын, Тобыл кентінің әкімі Баймағамбет Каутин сөз сөйлеп, жиналғандарды Мәуліт мейрамымен құттықтады.
Сондай-ақ облыстық мешіттің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы да мұсылман қауымына ең ізгі тілегін білдіріп, «Мәуліт» айының маңызы турасында уағыз айтып құттықтады.
Шағын футболдан өткізілген жарыстың соңында жұлделі орындарға ие болған азаматтарға арнайы сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі