Жақында Қостанай қалалық мешіті мен «Социум және Мен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қостанай облысындағы дін жолындағы жастардың арасында туған елімізге деген патриотизмді насихаттау мақсатында қазақша күрестен ашық біріншілік өткізілді.
Жарыс болған жерде жеңімпаздар да анықталатыны белгілі. Әділ қазылар алқасы барынша әділ болуға тырысты. Соның нәтижесінде бірқатар жастардың мерейі үстем болды.
Мәселен, 70 келі салмаққа дейінгі жастар арасында Қостанай қалалық мешітінен Марат Сымбаев, Нұрсұлтан Теміржанов, Бекболат Байназаровтар жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ 70 келіден жоғары салмақтағылар арасында облыстық Марал Ишан мешітінен Жәнібек Мұхаметжанов, Берік Таласов және қалалық мешіттен Дәулетхан Қосмағамбетовтер топ жарды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі