Қостанай өңіріндегі барлық қалалар мен аудандардың бас имамдары облыстық мешітте бас қосты. Бұл жиында облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы өткен Рамазан айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жасалатын істерді талқылады.
Кездесуде Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Абдиев Сапар қатысып, Діни қызметкерінің этикасын сақтау туралы баяндама жасады.
Сонымен бірге Қостанай облысы бойынша «Зекет қоры» өкілі Құрбанов Мұстафа қажы таныстырылып, алдағы атқарылар жұмысы талқыланды.
Сондай-ақ осы басқосуда қоғамдағы келісі мен төзімділікті нығайтуға үлес қосып жүрген бірқатар дін қызметкерлері Қостанай облысы әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Олар облыстық мешіттің найб имамы Дархан Манарбекұлы, Рудный қаласының бас имамы Азамат Серікбайұлы, Арқалық қаласының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, Жітіқара ауданының бас имамы Мейіржан Қапарұлы.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі