Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
20 02.17

Ене мен келін арасындағы сыйластық

01

Қостанай облысы Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің қыздар және әйелдер секторы «Ене мен келін арасындағы қарым-қатынас» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Оған ақ жаулықты аналар мен жас келіндер, діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген әйелдер мен қыздар қатысты.

01

Сауат ашу курсының ұстазы Диана Қайырбекқызы басқосудың негізгі мақсатына тоқталып, отбасында ене мен келіннің сыйластығының мәні ерекше екендігін айтып өтсе, ал шәкірт Алуа Ұзақбаева Күләйхан қажыдан қазіргі қоғамдағы ене мен келін арасындағы қарым-қатынас жайлы сұхбат алды.

Бұл өзекті мәселеге біздің асыл дініміз бен ұлттық әдет-ғұрпымызда да үлкен мән берілген. Жас келіннің жаңа ортаға үйренісіп кетуі көп жағдайда сол отбасының мүшелеріне байланысты.

01

Психолог маман Әсел Лайыққызы «біздің халқымызда келінді қызындай көріп, енесін анасындай сыйлайтын қарым-қатынас ғасырлар бойы жалғасып келетіндігін» айтып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар да тақырыптың өмірімізде алатын ерекше орнына тоқтала келіп, өздерінің көкейлерінде жүрген ой-пікірлерін ортаға салды.

01

Бұл кешті жүргізуші Алуа өзінің пікірін: «Жақсы ене келінге қашан да өнеге. Мұны жаңа түскен келіншектер жете ұғынып, оларға да ерекше құрметтерін көрсетуге тиіс. Өмірде ене мен келіннің арасындағы сыйластық болған жағдайда ғана шаңырақтың ырыс-берексі артып, әулеттің мәртебесі өседі» деген сөздермен түйіндеді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, қыздар және әйелдер секторы ұйымдастырған дөңгелек үстел өте тағылымды болды.

01

Ондағы айтылғандар барша енелер мен келіндерге ғибрат. Мұнда қозғалған жайлар бойжеткендер яғни болашақ келіндерге де үлкен ой салады деген ниеттеміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Өкіл имам Нұр-мүбарак университетінің студенттерімен кездесті
келесі жаңалық
«Тәкфир» идеологиясын таратқан Абдухалил Абдужаббаров Қазақстанға қайтарылды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником