Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде Мәуліт мерекесі құрметіне қайырымдылық жасау дәстүрге айналған. Ол биыл да өзінің жалғасын тапты. Енді осыған қысқаша тоқталып өтелік.
Қазақтың іскер жігіті, дін саласында едәуір тәжірибе жинақтаған, яғни жоғарыда аталған мешіттің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлы басқаратын мешіт қызметкерлері Ұлы Пайғамбарымыздың туған күніне орай өңірімізге кеңінен таныс, ұлтымыздың мақтанышы Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-интернатта білім алып жатқан төрт шәкіртке оқу барысында қолданатын құрал-жабдықтарды табыс етті.
Осындай сыйлыққа ие болған әлгі оқушылар өздеріне қамқорлық жасаған мешіт қызметкерлеріне шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдіріп, оларға халыққа көрсетіп жатқан игі істері үшін дән риза екендіктерін айтты.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі