Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
17 07.15

Нағыз парасат ордасына айналды

немесе 9 – шы шағын аудандағы қалалық мешіттегі игі істер жөнінде

Рамазан айында мұсылмандар үшін бес парыздың бірі ораза тұту екендігі белгілі. Сондықтан осы айтулы айға жер бетіндегі барша ағайындар жан – жақты дайындалады. Бұл орайда дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын 9-шы шағын аудандағы қалалық мешіттің атқарып жатқан жұмыстары көпке өнеге боларлықтай.

Осы арада бір тоқтала кетер жай аталған мешіт өткен жылы пайдалануға берілді. Имандылық ордасын белгілі кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев өз қаржысына салды. Сөйтіп, ол өңірдегі өзге жігіттерге өнеге боларлықтай үлкен сауапты іс тындырды.

Қазақ «Жақсыны көрмек үшін» дейді. Жуырда мен журналист ретінде аталған мешітте болып, ондағы атқарылған жұмыстармен таныстым. Бас имам Шоқан қажы киелі орынның ғимаратын жан – жақты көрсетті. Оның қызмет бөлмесінде отырып, өзімді толғандырған бірқатар деректер мен мәліметтер алдым.

Оның айтуына қарағанда биыл да мұнда Қасиетті Рамазан айында күнделікті ауызашар ұйымдастырылды. Жүрегінде иманы бар азаматтар оған өздерінің үлесін қосып, ораза ұстаған үлкенді – кішілі қауымның батасын алды.

Мен өзім жоғарыда әңгіме арқауына айналған мешітте болғанымда түбі бір түркі тілдес бауырларымыз, яғни әзірбайжан ұлтының өкілі Видадий Юсубов дастархан жайып, баршаның ыстық ықыласына бөленді.

Мешіт өндіріс орны емес, ол қашанда көмекке зәру. Сол себептен де қалталы азаматтар өздерінің демеушілігін көрсетіп отырса нұр үстіне нұр. әрине, мұндай жігіттер жоқ емес. Мешітті тұрғызған Төлеген ағамызды айтпағанның өзінде, Видадий бауырымызда үнемі осы имандылық ордасына жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп келе жатқандығын естігенде іштей дән риза болғанымызды жасырмаймын.

Осы жолы байқағаным мешіттің асханасында ораза кезінде тек, дастархан жайылып, жұртшылыққа тағам беріліп қана қоймайды. Жиналған қауым ислам діні жөнінде уағыз естіп, дүние танымдарын кеңейтеді. Мешіттің наиб Дайыр Дүйсеннің де тындырып жатқан жұмыстары аз емес.

Имам – тек мешіттің жұмысын ұйымдастырушы ғана емес, жан – жақты қабілетке ие болуға тиіс. Мұндай игі қасиеттер мешіттің бас имамы Шоқан Әмірхановтың бойынан табылады десек артық айтпаған болар едік. Оқығаны мен тоқығаны мол азаматтың әрбір сөзінен рухани жан – дүниесінің байлығы айқын сезіледі.

Қысқасы бұл мешітте биыл ораза айы тиісті деңгейде өтті. Барша қызметкерлер жерлестерімізге лайықты қызмет көрсетіп, халықтың алғысына ие болды.

- Сіз өзіңіз де мешіттің жұмысымен танысып ауызашардың халық үшін жасалатының игі де сауабы мол іс екендігіне көзіңіз жетті. Біз алдағы уақытта да қайырымдылық мақсатында да көп жұмыстар атқара бермекпіз, дейді бас имам Шоқан Әмірханов.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Мешіттегі айт намазы
келесі жаңалық
Рамазан айының тағылымы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником