ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын басшылыққа алған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы бірқатар ізгі мақсаттағы жұмыстарымен өзгелерге өнеге көрсетуде.
Таяуда ғана аталған киелі орынның тікелей мұрындық болуымен шаһардағы №2 балалар үйінің 4 сынып оқушылары мешітке келіп, мұндағы имандылыққа шақырар жайлармен таңысты. Өңірдегі ең іргелі әрі сәулетті мешіттің қызметкерлерінің ыстық ықыласына бөленді.
Дін қайраткерлері оларға жалпы Ислам діні жайында тағылымды әңгімелер айтып, оларды қызықтырған сауалдарға нақты жауап берді. Оқушыларға доптар, дүние танымдарын кеңейтер заттарды табыс етті.
Бас имам Сейіт Нұрқановтың айтуына қарағанда, мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, балалар үйіндегі балдырғандарға ерекше назар аударылып, олардың бойында адамгершілікке үндейтін асыл қасиеттерді қолдарынан келгенше сіңіре бермек.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі