Нұр-Мүбарак университетінің жанынан жаңа ашылған дайындық курсы 1 қыркүйектен бастап келесі 2015-2016 оқу жылына оқуға талапкерлер қабылдайды.
Оқу мерзімі - кемі 8 ай. Осы мерзімде Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі.
Сабақты университет бітіріп келген білікті мамандар жүргізеді. Дайындық курсына жасы 30-ға толмаған ислам жолымен жүретін талапты, қабілетті жастар іріктеліп алынады.
Талапкерлерге тегін жатақхана, асхана мен қамтамасыз етіледі.
Дайындық курсына түсуші талапкерлерден құжаттар екі кезеңмен қабылданады; 1-ші кезең 20 тамыз бен мен 1 қыркүйек аралығында құжаттар қабылданып, 2-5 қыркүйек аралығында сұхбат өткізіледі. 2-ші кезең 20 қыркүйектен бастап 1 қазан аралығында құжаттар қабылданып, 1-5 қазан аралығында сұхбат өткізіледі.
Керекті құжаттар:
- Өтініш;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография снимок;
- Жеке куәлік көшірмесі.
Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін Наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.