Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да облыстық «Марал Ишан» мешітінде ораза ұстаған адамдарға қолайлы жағдайлар туғызылуда. Мәселен, кешкілік тарауих намазға қатысқан жамағатты үйлеріне жеткізуге ерекше назар аударылып, мұсылман бауырларымызға қолайлы жағдай жасалды.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме. Аталған игі іске Қостанай қалалық әкімдік пен автобус паркіндегі қайырымды азаматтар өздерінің тікелей ықпалын тигізді. Сөйтіп, қасиетті Рамазан айында олар көпшіліктің шынайы алғысына бөленуде.
Бұл іске әдеттегідей қалалық әкімдік пен автобус паркі қол ұшын беріп қарт кісілер мен намазхан жамағатты үйлеріне жеткізіп, рақымы мол Рамазан айында сауапты амал атқаруда.
Мұндай игі шара Рудный қаласының «Нұр» мешіті мен Жітіқара ауданының «Ержан Тәтішев» мешітінде де қолдау тауып көпшіліктің ризашылығын тудыруда.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі