Таяуда Әуликөл ауданының орталығындағы Шоқан Уалиханов атындағы қазақ орта мектебінде «Жат ағымдардан сақтанайық» тақырыбында семинар өткізілді.
Бұл маңызды басқосуға осы мектептің 10-11 сынып оқушылары, Ауыл-шаруашылық колледжінің студенттері, аудан орталығындағы мекемелердің жас мамандары, ұстаздар, психологтар қатысты.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет және Рудный қалалық мешітінің ұстазы Саян Қосжан арнайы шақырылды.
Жиналған қауым алдында Бахытбек Нұрғабылұлы қазақ тілінде, Саян Қосжан орыс тілінде баяндама жасады. Оны жұртшылық ұйып тыңдады.
Кездесу барысында өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды. Мәселен, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту жайлары қозғалды.
Басқосуда жастардың жат ағымдардан аулақ болулары жөніндегі жан-жақты айтылды. Барлық қатысушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі