Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет жақында облыстық «Марал ишан» мешітінің найб имамдарымен бірге облыс көлеміндегі намазханаларды аралады.
Бахытбек Нұрғабылұлы бастаған дін қайраткерлері алдымен Әулекөл ауданының Құсмұрын кентіндегі намазханаға жаңадан имам тағайындап елмен, ондағы басшылықпен таныстырды.
Онан соң Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің жамағаттарымен жүздесті. Онда өкіл имам уағыз айтып, өңірдегі қалыптасқан діни ахуал және алда тұрған міндеттер жайлы жан-жақты әңгімеледі.
Содан соң дін саласының қызметкерлері аталған шаһардағы УК 161\12 еңбекпен түзету мекемесінде болып, жазасын өтеп жатқан кісілермен кездесіп, жағдайларымен танысып, уағыз-насихат жүргізді.
Сондай-ақ Арқалық қаласының аумағында орналасқан ауылдық мешіттер мен намазханаларда халықпен кездесіп, уағыз-насихат айтты.
Мәселен, олар Фурманов ауылдық «Тәубе», Молодежный елді мекеніндегі «Жұмаш» мешіттерінде, Аманкелді ауданының Тасты ауылдық намазхзанасында, Амантоғай ауылдық мешіті мен Қарасу ауылдық намазханасында жергілікті мұсылман ағайындармен кездесіп, жай-күйлерімен танысты.
Жүздесулер әсерлі өтті. Ондағы намазхан бауырларымыздың көкейлерінде жүрген көптеген сауалдарына нақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі