«Ас адамның арқауы» деген сөз атам қазақта жақсы айтылған. Осы маңызды мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының ұстазы Гүлдана Жаңабайқызы мешіттегі инабатты шәкірттеріне арнап, «Халал және харам тағамдар» тақырыбында ауқымды сабақ өткізді.
Онда оларға өмірлерінде пайдасын тигізетін жайлар айтылды. Мәселен, күнделікті тұтынып жүрген тағам құрамы немесе денсаулығымызға оның пайдалы және зиынды жақтары сөз болды.
Сонымен қатар қасиетті Құранда қандай тағамдарды пайдалану және тұтынбау қажеттігі жөнінде Мұхаммед пайғамбардың хадистері мен сүнеттерінде келтірілген жайлар жайлы да баяндалды.
Бұл маңызды тақырып аясында бейне ролик көрсетіліп, қатысушылар оған байланысты өз ойларын ортаға салды.
Маңызды жиыннан оған қатысушылар өздеріне керекті қаншама мағлұматтар алып, дүниетанымдарын кеңейтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі