Пайғамбарымыз Мұхаммед (صلى الله عليه وسلم): «Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған адамға екі түрлі қуаныш бар: біріншісі ауыз ашқан кезіндегі қуаныш, екіншісі ұстаған оразасы үшін қияметте Раббысынан алған сауабы үшін қуаныш», - деген. Ал, осы қасиетті айда ораза ұстаған адамды қуантқан адамның сауабы қандай екенің тек Бір Жаратушы Алла ғана білері сөзсіз...
Күллі мұсылман осы айда Пайғамбарымыздың (صلى الله عليه وسلم) мына бір мүбарак хадис шәрифіне амал етуге тырысады: «Кімде кім бұл Рамазан айында ораза ұстаған адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап алады және ораза ұстаған адмның сауабы кемімейді». Осы хадиске амал жасап, «Костанайские минералы» АҚ басқарма төрағасы Ербол Сапарбайұлы туған туысқандарымен мешітке келуші барша қауымға ауызашар берді. Алла Тағала қасиетті айда ораза ұстаған жанды куандырғанды мол сауаппен қуандырып жәннәтпен сүйіншілесін.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі