Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
07 06.16

Бас мүфтидің Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
Ақтөбе қаласында орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты
МӘЛІМДЕМЕСІ

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Еліміздің мұсылмандары қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбеде орын алған лаңкестік әрекеттерді терең өкінішпен естіді. Осы оқиғаға дін атын жамылған радикалдардың қатысы бар деп айтылуда.

Адам жанын түршіктіретін зұлымдыққа барғандардың дін жолында жүрген мұсылмандарға қатысы бар деп айтуға ауыз бармайды.

Ислам діні ешкімді ұстанатын дініне немесе ұлтына бөлместен жазықсыз қан төгуге ешқашан рұқсат етпейді.

Ел мұсылмандарының басын қосып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы орын алған лаңкестік оқиғаны үзілді-кесілді айыптайды.

Ислам – бейбітшіліктің діні. Құран Кәрімде «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған біреуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен және кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең», («Маида» сүресі, 32-аят) деген иләһи қағида бар.

Ел аман, жұрт тыныш заманда жан түршігерлік қылмысқа барғандардың адамгершілік қасиеттерден жұрдай болғаны анық.

Алланың құзырында да, мемлекетіміздің заңы алдында да қылмыс жасағандар ең қатал жазаға тартылады деп сенеміз.

Елдің амандығы жолында өздерінің азаматтық парыздарын орындау барысында қаза тапқандардың отбасыларына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз және сабырлық тілейміз. Құқық қорғау органдарының өкілдері өздерінің жанын қия отырып, ауыр зардапқа апаратын қылмыскерлердің жолын кесті.

Тағылымы мол хадисте Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі – күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз; екіншісі – Отанды қорғап, шекара күзеткен көз» деп айтқаны белгілі. Отан жолында қаза болған бауырларымыздың жаны жұмақта болғай.

Сонымен қатар, қылмыскерлерге тосқауыл қою кезінде жарақат алған бауырларымызға Алладан шипа тілейміз.

Ақиқатында, жазықсыз жандардың өмірін қиған залымдарды ел азаматтары, шынайы мұсылман бауырларымыз түбегейлі айыптайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі – баршамыз үшін ең жоғары құндылық. Сондықтан қоғамдағы тыныштық пен бейбіт өмірді сақтау – әр азаматтың борышы һәм парызы деп білгеніміз жөн.

Еліміздің барша азаматтарын арандатушылық әрекеттерге берілмеуге, қоғам тыныштығын қадірлеуге және жауыздықпен жұмыла күресуге шақырамын.

алдыңғы жаңалық
Бас имам мешіттің құрылысымен танысты
келесі жаңалық
Облыс әкімі ауыз ашар берді

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником